Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі №321 қаулысы

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
    28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 259-жолда:

5-бағанда:

25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«25) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;»;

мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:

«26) «Qazcontent» акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Qazcontent» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;

реттік нөмірі 270-жолда:

5-бағанда:

30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«30) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;»;

мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:

«31) «Qazcontent» акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты – 2030 жылғы 24 қазанға дейін, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, «Qazcontent» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;

реттік нөмірі 273-жолда 5-бағанның 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «Qazcontent» акционерлік қоғамы;»;

реттік нөмірі 281-жолда 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Qazcontent» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;

реттік нөмірі 308-жолда:

5-бағанда:

35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«35) «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы;»;

мынадай мазмұндағы 36) және 37) тармақшалармен толықтырылсын:

«36) «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

37) «Qazcontent» акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамына қатысты – 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін, «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл, «Qazcontent» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;

реттік нөмірі 395-жолда:

5-бағанда:

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;»;

мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

«13) «Qazcontent» акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Qazcontent» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 2030 жылғы 11 тамызға дейін».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының     

Премьер-Министрі                                                           О. Бектенов

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу