Консультативтік-кеңестік органдар

  1. Республика Үкiметi жанындағы комиссиялар, кеңестер мен  консультативтiк-кеңесшi органдар Үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
  2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
  3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі төрағалық ететін консультативтік-кеңесші органдар тізбесі

Р/с

Комиссия атауы

Комиссияның жұмыс органы

Комиссия функциялары мен мақсаттары

Комиссия құрылу жөнінде актінің деректемелері

  1.  

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес

ЭМ

  • Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
  • Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай-газ кен орындарында жұмыс істейтін шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар тұжырымдау

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығы

 

  1.  

Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі кеңес

(инвестициялық штаб) 

СІМ

  • Қазақстан Республикасының аумағында пысықталатын және инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде әлеуетті инвесторлармен жұмысты жандандыруға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша, оның ішінде кейінге қалдыру шарттарын ескере отырып, ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;
  • Үкімет басшылығы деңгейінде шешімдер қабылдауды талап ететін инвестициялық жобалар бойынша мәселелерді қарау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2021 жылғы 
19 наурыздағы 
№ 64-ө өкімі.

  1.  

Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия

Қаржымині

 

Телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиаактивтер және басқа салаларда монополиясыздандыру мәселесі бойынша ұсынымдар тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2022 жылғы 

22 наурыздағы 
№ 57-ө өкімі

  1.  

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия

ЦДИАӨМ

Ұсыныстарды тұжырымдау, Қазақстан Республикасындағы цифрландыру және инновациялық технологиялар мәселелерін мониторингтеу және іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы 
№ 621 Жарлығы

 

  1.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан

Отандық кәсіпкерлер кеңесі

ҰЭМ

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы; 
  • Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру; нарықтық экономиканы дамытуды және ел экономикасына отандық инвестициялар тартуды ынталандыратын жағдайлар жасау; 
  • іскерлік және инвестициялық ахуалды бағалау және жақсарту мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау; 
  • кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де мәселелерді қарау және талқылау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2022 жылғы 
7 ақпандағы № 24-ө өкімі.

  1.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия

ҒЖБМ

 

Ғылыми-техникалық қызмет аясында ұсыныс беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
20 сәуірдегі 
№ 429 қаулысы.

  1.  

Қазақстанның су кеңесі

ЭГТРМ

  • су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары;
  • өзендер бассейндері мен бассейндер ішінде, сондай-ақ секторлар бойынша (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және коммуналдық секторлардың басымдықтарын біріктіру) сумен жабдықтау саласында ұлттық басымдықтарды айқындау;
  • өңірлер мен тұтынушылар арасында су ресурстарын қайта бөлу, қажет болса, квоталар белгілеу;
  • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
     стандарттарды айқындау;
  • сала үшін қаржыландыру қағидалары (мемлекеттік/жеке қаржыландыруға қол жеткізу және тұтынушылардан алынатын жалпы төлемдер);
  • су шаруашылығы секторының ұйымдастырушылық саясатын айқындау мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2022 жылғы 
9 наурыздағы 
№ 47-ө өкімі

  1.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес

ЦДИАӨМ

  • технологиялық даму басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
  • мемлекеттік органдар үшін елдің инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдар тұжырымдау;
  • инновациялық жүйені және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды келісу;
  • салалық бағыттар бойынша тұжырымдалатын мемлекеттік технологиялық саясатты қарау;
  • мемлекеттік органдардың технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және салаларда технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөніндегі бастамаларын қарау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2022 жылғы 
20 сәуірдегі 
№ 83-ө өкімі.

  1.  

Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі

ҰЭМ

Орнықты даму мақсаттарын  іске асыру жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2022 жылғы 11 қазандағы 
№ 167-ө өкімі.

  1.  

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан кен-металлургия

      саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес

ИИДМ

  • Қазақстан Республикасының кен-металлургия саласын, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалануды дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша;
  • Қазақстанның кен-металлургия саласында жұмыс істейтін шетелдік және отандық инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстарды тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы 
№ 659 Жарлығы

 

  1.  

Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді 

экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен 

мәселелері жөніндегі комиссия

ИИДМ

  • әскери және қос мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі міндеті мыналар бойынша келесі ұсынымдық сипаттағы ұсыныстар тұжырымдау; экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының экспорттық бақылау жүйесі жөніндегі іс-қимылын үйлестіру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өнімді экспорттау, кері экспорттау, импорттау, кері импорттау, транзиті және (немесе) қайта өңдеу тәртібіне ұсынымдар дайындау;
  • экспорттық бақылаудың тиімділігін арттыру;
  • қорғаныс өнеркәсібінің мемлекеттік саясатын іске асыру;
  • Қазақстан Республикасының қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған жүйелі шараларды тұжырымдау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының іс-қимылын үйлестіру;
  • әскери-техникалық саясатты іске асыру және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту; 
  • мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және іске асыру;
  • шет мемлекеттермен әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2022 жылғы 
25 тамыздағы 
№ 127-ө өкімі.

  1.  

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл Экономикаға» көшу жөніндегі кеңес

 

ЭГТРМ

«Жасыл экономикаға» көшу бойынша неғұрлым маңызды проблемаларды шешуде атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзара іс-қимыл жасауының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар, оның ішінде экономиканы «жасыл» дамыту үшін қолайлы ахуал мен жағдайлар жасауға бағытталған шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы 
№823 Жарлығы

 

  1.  

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия

ҰЭМ

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру, теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік ұйымдарды және ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бәсекелес ортаға беруге жататын еншілес және тәуелді ұйымдарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты қайта пайдалану мәселелері жөнінде ұсынымдық шешімдер әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі №314 Жарлығы

 

  1.  

Экономикалық саясат жөніндегі кеңес

ҰЭМ

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты маңызды мәселелері жөнінде келісілген тәсілдер мен ұсынымдарды әзірлеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2016 жылғы 
3 мамырдағы № 33-ө өкімі

  1.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб

ҰЭМ

  • дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мәселелерін жедел шешу;
  • бизнес субъектісінің нақты проблемаларын шешу мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау;
  • кәсіпкерлік және қаржы жүйесі саласындағы өзге де мәселелерді қарау және талқылау 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2022 жылғы 
2 наурыздағы 
№ 42-ө өкімі.

  1.  

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдығына сай келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатын іске асыру, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда және тиімді пайдалануда жәрдемдесу 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2016 жылғы 
29 қыркүйектегі 
№ 90-ө өкімі.

  1.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен жөніндегі үйлестіру кеңесі

ҰЭМ

  • үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен, мемлекеттік кепілдікпен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру мәселелерін, қаражатты қарыз санаттары бойынша қайта бөлу, қарызды жабу күнін ұзарту, қарыз қаражатының күшін жою, жобаны мерзімінен бұрын жабу, жобаларды қайта құрылымдау және жобаларды іске асыру барысында туындайтын өзге де мәселелерді қарау; 
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы шеңберінде жобаларды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдары бойынша ұсыныстарды қарау және  тұжырымдау;
  • халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкімі.

  1.  

Капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктерін тұжырымдау және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері жөнінде комиссия

Қаржымині

 

Капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктері және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2022 жылғы 23 ақпандағы № 36-ө өкімі

 

  1.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия

ІІМ

Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеу

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 
2016 жылғы
 29 қыркүйектегі 
№ 90-ө өкімі.

  1.  

Шетелдік инвесторлардың аралық кеңесі

 

СІМ

  • Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау;
  • Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
  • Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
  • Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыруға, өнеркәсіптік секторын индустрияландыруға, шағын және орта бизнесін дамытуға шетелдік компаниялардың жәрдемдесуі;
  • Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикалық процестерге интеграциялау;
  • Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиясы;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық маңызы бар ірі инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы 
№3985 Жарлығы

 

  1.  

Республикалық бюджет комиссиясы

Қаржымині

Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 
15 қаңтардағы 
№ 10 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары төрағалық ететін  консультативтік-кеңесші органдар тізбесі

 

Р/с

 

Комиссия атауы

Комиссияның жұмыс органы

Комиссияға басшылық ететін лауазымды тұлға

Комиссия функциялары мен мақсаттары

Комиссия құрылу жөнінде актінің деректемелері

  1.  

Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия

ТЖМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

¾ Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне, шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуына, алуына және пайдалануына байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

¾ Қазақстан Республикасының Үкiметіне қажеттілігіне қарай халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жағдайы туралы қорытылған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау үшiн қажеттi басқа да ақпарат беру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 
27 наурыздағы 
№ 38-ө өкімі.

  1.  

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы

ҰҚҚ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасының шекара саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, оның ішінде мынадай: 

  • Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді бейтараптандыру жөніндегі шаралар кешеніне;
  • шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғаудың басымдықтарын айқындау бойынша;
  • мемлекеттің экономикалық, қаржылық және өзге де мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы шекара саясатының негізгі бағыттарын іске асырудағы басымдықтарды айқындау бойынша;
  • Қазақстан Республикасының шекара саясатының негізгі бағыттарын іске асыру кезінде туындайтын проблемаларды шешу бойынша;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының учаскелерін қорғау мен жайластыруды жетілдіруге бағытталған нысаналы мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлардың жобалары бойынша;
  • Қазақстан Республикасы уәкілетті органының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының учаскелерін санаттарға бөлу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;

мынадай: 

¾ жүргізілетін сыртқы және ішкі саясат, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі шаралар жүйесінің шеңберінде Қазақстан Республикасының шекара саясатының негіздерін айқындау үшін;

¾ шекара саясатын іске асыру және шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру бойынша; 

¾ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекарасындағы ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын айқындау үшін;

¾ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді, сондай-ақ шекара саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды дайындау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 
21 қарашадағы 
№ 156-ө өкімі.

  1.  

Алматы агломерациясын басқару жөніндегі кеңес

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

¾ агломерацияны жетілдіру мәселелері;

  • агломерацияның бәсекеге қабілеттілігін және өңіраралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 
10 маусымдағы 
№ 106-ө өкімі.

  1.  

Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия

ИИДМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

  • өнеркәсіптік саясаттың стратегиялық басымдықтары мен негізгі индикаторларын айқындау бөлігінде оны қалыптастыру;
  • өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру;
  • өңдеуші өнеркәсіп саласындағы өнеркәсіптік саясатты, оның ішінде кластерлік бастаманы іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдері;
  • өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу, күшін жою және қайта қарау;
  • өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылымның элементтерін енгізу;
  • елдегі индустриялық ахуалды жақсарту;
  • өнеркәсіптегі инновациялық және технологиялық дамуға жәрдемдесу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 
28 сәуірдегі № 89-ө өкімі

  1.  

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

 

 

 

Өңірлерді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 
11 қарашадағы 
№181-ө өкімі

  1.  

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары

Мүгедектердің құқықтарын іске асыру, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы 
№ 1266 қаулысы

  1.  

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

СІМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары

 

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу мен орындаудың мемлекетішілік тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі 
№ 436 қаулысы.

  1.  

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 
  • дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік органдардың дін саласындағы қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 
3 қарашадағы 
№111-ө өкімі

  1.  

Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі

СИМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі

  • еуразиялық экономикалық комиссия, Еуразиялық үкіметаралық кеңес, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырыстарына дайындық мәселелері бойынша бірыңғай ұстаным қалыптастыру;
  • ЕуразЭО жұмыс істеуіне байланысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша бірыңғай ұстаным;
  • ЕуразЭО жұмыс істеуіне байланысты мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін, жеке кәсіпкерлік субъектілерін және олардың бірлестіктерін үйлестіру;
  • ЕуразЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру; 
  • Қазақстан Республикасының ЕуразЭО-ға мүшелігі жағдайында экономиканы дамыту, өндірісті кеңейту, басқарудың тиімділігі мен ғылыми-техникалық прогресті арттыруды ынталандыру, тауар нарықтарында ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 
24 ақпандағы 
№ 24-ө өкімі

  1.  

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия

ДСМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары

 

 

 

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 
27 қаңтардағы 
№ 10-ө өкімі

  1.  

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес

СИМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға қатысуы шеңберінде стратегиялық сипаттағы мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу, атап айтқанда:

¾  ұлттық өкілеттіктерді ұлттық деңгейден жоғары органның (Еуразиялық экономикалық комиссия) құзыретіне беру жөнінде;

¾ интеграциялық процестерді тереңдету және/немесе кеңейту бойынша;

¾ ЕАЭО құқықтық базасының шеңберінен тыс өзге де мәселелер

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 
15 қазандағы 
№ 169-ө өкімі

  1.  

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

СИМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі

Сыртқы сауданы реттеу құралдарын қолдану, халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу, халықаралық шарттар жасасу, үшінші елдермен сауда мәселелерін реттеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады, оның ішінде:

¾ кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралар қолдану жөнiнде ұсыныстар әзірлеу; 

¾ уақытша шараларды қoca алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық шараларды қолданудың орындылығы туралы ұсыныстарды қарау; 

¾ қарсы шараларды, сондай-ақ халықаралық санкцияларға қатысу шеңберінде қолданылатын шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзiрлеу; 

¾ дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу шеңберінде сыртқы сауда мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының келіссөздік ұстанымына ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 
16 тамыздағы 
№ 114-ө өкімі

  1.  

Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссия

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

 

Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау бойынша ұсыныстар әзірлеу 

Қзақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы
15 қыркүйектегі 
№ 134-ө өкімі

  1.  

Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

¾ Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл;

¾ реттеушілік әсерді талдауды жетілдіру мәселелері;

¾ кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері;

¾ мемлекеттік органдардың қолданыстағы реттегіш құралдарын қайта қарау бойынша жоспарларының орындалмауы туралы ақпаратты қарау қорытындысы;

¾ жаңа реттегіш құралды енгізгені немесе реттеуді қатаңдатқаны туралы реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 
16 қарашадағы 
№ 146-ө өкімі

  1.  

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия

ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары 

  • мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, оның ішінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру;
  • мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту, оның қолданыс аясын кеңейту, үйлесімді тіл саясатын іске асыру;
  • халықаралық қарым-қатынастағы мемлекеттік тілдің рөлі мен орны, шетелде оның қолданыс аясын кеңейту;
  • мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі қызметін ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік тіл саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
  • мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың және оны ғылым мен мәдениет тіліне айналдырудың  ғылыми аспектілерін қарау; 
  • орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен мемлекеттік емес ұйымдар басшыларының тіл саясаты бойынша есептерін тыңдаудың нәтижелері бойынша  ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 
27 қазандағы 
№176-ө өкімі

  1.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік комиссия

ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі

 

 

Жаңа заңдық мәртебе беру бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеу, оның ішінде ҚР ҰҒА қызметінің негізгі бағыттарын айқындау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 
9 қарашадағы 
№180-ө өкімі

  1.  

Мемлекеттік органдардың халықпен тиімді өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі

  • мемлекеттік органдардың жолданымдармен жұмысын жетілдіру;
  • мемлекет пен қоғамның байланыс арналары мен коммуникация құралдарын тұжырымдамалық дамыту;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан халыққа қызметтер көрсету мен консультациялар беру сапасын бағалаудың бірыңғай стандарттары мен өлшемшарттарын қалыптастыру;
  • азаматтардың жолданымдары мен шағымдарын мемлекеттік аппараттың жағымсыз жақтан жағымды жаққа қарай қабылдауының жаңа парадигмасын енгізу

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 
22 қарашадағы 
№185-ө өкімі

  1.  

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес

ДСМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары

  • Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биологиялық қауіпсіздік саласындағы іргелі және қолданбалы ғылымды, техника мен технологияларды дамыту мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау; 
  • биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді қарау және проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
  • биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 
26 желтоқсандағы
№201-ө өкімі

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу