Энергетика министрі

Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов

1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.                                         

«Әділет» жоғары құқық мектебін, «Астана» университетін бітірген.

2002–2004 жылдары — «Қазмұнайгаз» сауда үйі» ЖШС Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің бас маманы, бас менеджері, директоры.

2004–2006 жылдары — «Chevron Texaco Global Trading» шикі мұнай трейдері, Сингапур қаласындағы «KazMunaiGaz Singapore» директоры. 

2006–2008 жылдары — «Қазмұнайгаз» сауда үйі» АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры.

2008–2010 жылдары — «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС коммерциялық директоры.

2011–2012 жылдары — «ҚазМұнайГаз өнімдері» АҚ бас директорының кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз Қайта өңдеу және маркетинг» АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры. 

2013–2014 жылдары — Rompetrol Bulgaria бас директордың орынбасары, бас директоры, Болгария.

2015–2016 жылдары — KMG International (Rompetrol) мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директор, бөлшек сауда жөніндегі бас директор, бас директордың кеңесшісі, Румыния.

2016–2020 жылдары — мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2022–2023 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының басшысы.

2023–2025 жылдары — ҚР энергетика вице-министрі.

2025 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР энергетика министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу