Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев
1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық ұйымда экономист болып бастады.
1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
1997 жылы — ҚР Экономика және сауда министрлігінде сауда-өндірістік бірлестіктің экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, өңірлік саясат бөлімінің басшысы.
1997–1998 жылдары — «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» ЖАҚ жиынтық-қаржылық департаментінің басшысы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.
1998–2000 жылдары — ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрілігінің мұнай және газ департаментінің директоры.
2000 жылы — ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 жылы — «KEGOC» ААҚ бірінші вице-президенті.
2001–2007 жылдары — «KEGOC» ААҚ президенті.
2007–2008 жылдары — «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ басқарма төрағасы.
2008–2009 жылдары — «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы.
2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін — Жамбыл облысының әкімі.
2013–2016 жылдары — Павлодар облысының әкімі.
2016–2019 жылдары — ҚР энергетика министрі.
2019–2021 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі.
2021–2022 жылдары — Алматы облысының әкімі.
2023–2024 жылдары — ҚР Президентінің кеңесшісі.
2024 жылғы 31 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:
өңірлік саясат мәселелері;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері;
су ресурстары және ирригация мәселелері;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу