Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев
1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Қазақойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1997–2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005–2007 жылдары — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007–2008 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008–2013 жылдары — Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
2013–2021 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі.
2021–2022 жылдары — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2022–2026 жылдары — Қызылорда облысының әкімі.
2026 жылғы 6 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:
Экономиканы жедел басқару;
Құрылысты дамыту;
Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды, жаңартылатын энергия көздерін, көмір өнеркәсібін, атом өнеркәсібін және ядролық энергетиканы дамыту мәселелері, қажет болған жағдайда Үкімет шешімінің негізінде мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы аталған заңды тұлғаларға тиесілі ұйымдардың басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіру;
Өнеркәсіпті, инновацияларды, техникалық реттеуді, электр энергетикасын, геологияны, жер қойнауын пайдалануды және экспорттық бақылауды дамыту;
Алтын өндіру (барлау, өндіру, өңдеу, өткізу және әкелу-әкету) саласын дамыту;
Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану;
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мәселелері;
Жылыту маусымдарына дайындық және оны өткізу (ЖЭО, МАЭС және жылыту жүйелері);
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытуды үйлестіру;
Мұнай-газ секторын және мұнай химиясын дамыту;
Қорғаныс өнеркәсібі;
Әскери қауіпсіздік мәселелері;
Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен іске асырылатын объектілердің құрылысын үйлестіру және бақылау;
Оқу-ағарту;
Денсаулық сақтауды дамыту;
Туризмді және спортты дамыту мәселелері;
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы», «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының қызметін үйлестіру.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу