Әділет министрі

Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы

1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген.

2002–2005 жылдары — кеңесші, ҚР Премьер-министрі кеңсесiнің сектор меңгерушісі.

2005–2011 жылдары — бөлім меңгерушісінің орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі. 

2011–2016 жылдары — ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерде істеді. 

2016–2017 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.

2017–2019 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысының орынбасары. 

2019–2022 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.

2023–2025 жылдары — ҚР Конституциялық Сотының судьясы. 

2025 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР әділет министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу