Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды

Тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.

1994–1997 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы.

1996-1997 жж. — ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.

1997–1998 жж. — ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.

1998–1999 жж. — ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.

1999–2002 жж. — ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры

2003–2006 жж. — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2006–2007 жж. — ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, ҚР қаржы вице-министрі.

2007–2010 жж. — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу