05 Сәуір 2019, 14:20
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», — делінген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінің мәтінінде.
Е. Бабақұмаров 1969 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Саясаттану ғылымдары қоғамдық Академиясының академигі, Қазақстанның Саясаттану ғылымдары қауымдастығының мүшесі.
Түрлі жылдары Қазақстан даму институтының Саяси зерттеулер орталығын, Президент Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығын, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарған, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2018 жылдың желтоқсанынан бастап — ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу