Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақан Абдуалиев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Алматы экономика және статистика академиясын, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының орындаушысы қызметінен бастаған. 

2003-2004 жылдары — «Қазақконцерт» РМҚК орындаушысы.

2005-2007 жылдары — «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжі» РМҚК оқытушысы.

2007-2008 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ оқытушысы.

2008-2015 жылдары — «А. Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» РММ директорының орынбасары; директоры.

2015-2016 жылдары — «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК директоры.

2016-2018 жылдары — Алматы облысы мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары — Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ ректоры.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу