Алмабек Марс ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Алмабек Марсұлы Марс ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 

Алмабек Марс 1976 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін және Еуразия академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1997 жылы «Нар» АҚ вице-президенті ретінде бастаған. 

2000-2010 жылдар аралығында АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында түрлі лауазымдарды атқарған. 

2010-2011 жылдары — АШМ АӨК МИК фитосанитариялық қауіпсіздік, мемлекеттік техникалық инспекция және егіншіліктегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы. 

2011 жылдан бастап АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу