Азамат Панбаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды


ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Азамат Серікұлы Панбаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Азамат Панбаев 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің іс жүргізушісі болып бастаған.

2009-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтерді атқарды.

2016-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде консультант болып жұмыс істеді.

2019-2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу