Азамат Панбаев ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Азамат Серікұлы Панбаев ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің іс жүргізушісі болып бастаған.

2009-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтерді атқарды.

2016-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде консультант болып жұмыс істеді.

2019-2022 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры.

2022-2023 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу