Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Дүйсенбайұлы Қожахметов Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бахтияр Қожахметов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Карлов университетін, Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда маман ретінде бастаған.

2005-2007 жылдары қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда жұмыс істеді.

2007-2009 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2009 ж. — «Астана қ. XXI ғасыр көшбасшысы» ЖҚБ төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары — «Зерде» ҰИХ» АҚ инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің менеджері.

2011-2012 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да түрлі лауазымдарда еңбек етті.

2012-2013 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасы басшысының м. а., басшысы.

2013-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2014 жылы — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ зерттеу зертханалары орталығының үлкен деректер зертханасының жетекшісі.

2014-2015 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015-2016 жылдары — «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасының орынбасары.

2017-2019 жылдары — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарушы директоры.

2020 жылғы сәуірден бастап қазірге дейін — «Зерде» ҰАХ» АҚ басқарма мүшесі-төрағасының орынбасары.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу