09 Сәуір 2026, 19:31
Қазақстан Республикасы көлік министрінің бұйрығымен Дастан Рахымжанұлы Жұмақұлов Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, сондай-ақ Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын тәмамдаған.
2008–2013 жылдары көліктік бақылау саласында қызмет етіп, Астана қаласы және Қарағанды облысы бойынша «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясында заңгер, өтініштерді қабылдау жөніндегі нұсқаушы, жетекші маман, құқық және кадр жұмысы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
2013–2023 жылдары көліктік бақылау жүйесінде еңбек етіп, Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясында бөлімдердің басшысынан инспекция басшысының орынбасарына дейінгі қызметте болды.
2023 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Талдықорған қаласында ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметін атқарды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу