10 Сәуір 2026, 16:32

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
2013–2018 жылдары — ҚР БҒМ Ғылым комитетінде сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2019–2020 жылдары — «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ БАҚ, «Astana» ӘКК» акционерлік қоғамында қызмет етті.
2020–2023 жылдары — Астана қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу