03 Қыркүйек 2025, 15:20

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерболат Алтынбекұлы Садырбаев төтенше жағдайлар вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Әр жылдары ҚР Президенті іс басқармасы басшысының кеңесшісі, Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары, ҚР өңірлік даму министрінің кеңесшісі, Алматы қалалық сотының Кеңсе меңгерушісінің орынбасары, «Самрұқ-Қазына» Қорының Әлеуметтік өзара әрекеттесу және комуникациялар орталығының басшысының орынбасары, «Қазпошта» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, ҚР Президенті іс басқармасы Мемлекеттік дирекция директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу