Ернұр Өтегенов ҚР ТЖМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ернұр Сапарұлы Өтегенов ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ернұр Өтегенов 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, Көкшетау техникалық институтын, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы БҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет құрылымдарында инспектор, анықтаушы, аға инженер, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары болып еңбек етті.

2011-2012 жылдары – Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.

2012-2019 жылдары – Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары.

2019-2021 жылдары – Павлодар облысы ТЖД бастығы.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу