06 Қараша 2025, 18:44
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Илья Васильевич Скуб Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1987 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Қаржы полициясы академиясын бітірген.
2007-2015 жылдары – ҚР Қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Астана қаласы.
2015-2016 жылдары – «Vasil Sport» ЖШС заңгері, Астана қаласы.
2016-2019 жылдары – «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ Арнаулы әлеуметтік қызметтер және әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы.
2019-2025 жылдары – «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу