27 Қыркүйек 2018, 07:25
Бүгін Мемлекет басшысы Исатай Бақтиярұлы Сартаевты ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындады.
Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының келесі Өкімімен Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу