М. Мырзағалиев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

 

«Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын», — делінген хабарлама мәтінінде.

 

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы «Тұран» университетін экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар экономисті мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000-2001 жылдары — Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы.

2001-2002 жылдары — MI Drilling Fluids International Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері.

2002-2004 жылдары — Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларының тағылымгері.

2004-2007 жылдары — «MI Drilling Fluids International» Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері. 

2007-2010 жылдары — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.

2012-2013 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың қазанынан бастап – ҚР мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың тамызынан бастап – ҚР энергетика вице-министрі.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу