Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген. 

2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

2015-2018 жылдары — М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары.                    

2018 жылдан бастап 2019 жыл аралығында —  М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін — М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің ректоры. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу