Нұрбек Серіков ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Нұрбек Нұржанұлы Серіков Су шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Солтүстік Зауралие мемлекеттік аграрлык университетін (Ресей), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің экономисі болып бастаған.

2012–2013 жылдары — ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сарапшысы.

2013 жылдан 2014 жылға дейін — ҚР Өңірлік даму министрлігінің сарапшысы.

2014–2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі басқармасының бас сарапшысы.

2018–2019 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы.

2019–2020 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқарма басшысы.

2020–2022 жылдары — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2022–2023 жылдары — Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

2023–2024 жылдары — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары.

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу