02 Сәуір 2021, 09:38
ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жж. — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жж. — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу