Шолпан Каринова ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады.

1998-1999 жылдары – орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

1999-2000 жылдары – орыс сыныптарында қазақ тілінің мұғалімі.

2000-2002 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленинград орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2003-2004 жылдары — СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының м. а.

2004-2005 жылдары – СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.

2005-2008 жылдары СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2008-2009 жылдары – СҚО Тайынша қаласы әкімінің аппараты құрылымдық бөлімінің басшысы.

2009-2012 жылдары – СҚО Петропавл қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары.

2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары – СҚО Петропавл қаласы Білім басқармасы басшысының м. а.

2017-2018 жылдары – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығының директорының орынбасары.

2019-2021 жылдары ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды. 

2021 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін – ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу