Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Энергетика министрінің бұйрығымен Талғат Амангелдіұлы Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

1994-1996 жылдары — «Қарахан» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры. 

1997-1998 жылдары — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.

1998 жылы — «Интерсистема» ЖШС президенті. 

1998-1999 жылдары — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті. 

1999-2000 жылдары — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы. 

2000 жылы — «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.

2000-2005 жылдары — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жылдары — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 

2018-2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 

2019 жылғы 8 сәуірден 2021 жылғы 19 қаңтарға дейін — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу