Юлия Овечкина Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Юлия Руслановна Овечкина Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2014–2016 жылдары — Риддер қалалық білім бөлімінде білім сапасын бағалау жөніндегі менеджер, бас маман.

2016–2017 жылдары — Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының меңгерушісі.

2017–2020 жылдары — Өскемен қалалық білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық, балалардың құқықтарын қорғау секторы меңгерушісі.

2020–2022 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу