Ақерке Ахметова ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды 

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ақерке Естайқызы Ахметова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Көкшетау университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Sheffield университетін (Ұлыбритания) бітірген. 

Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау қ. коммерциялық кәсіпорындарда бастады. 

2000-2015 жылдары ҚР Әділет министрлігінде Халықаралық шарттар жобаларын сараптау бөлімінің бас маманы, басшысы, Сараптама және құқықтық насихат департаменті директорының орынбасары,  Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2015–2017 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры.  

2018-2019 жылдары – ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттік мүлік құқығын қорғау департаментінің директоры.

2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР әділет вице-министрі қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу