Алмат Мадалиев ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды 

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін (АҚШ) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Жастар таңдауы» ҚҚ заңгер болып бастаған. 

2009-2010 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2010 жылғы қазан айынан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2019 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР әділет вице-министрі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу