Алмаз Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов берген өтінішіне сәйкес ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.

2005-2006 жылдары — «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы. 

2006-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.

2014-2016 жылдары — «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары. 

2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерде болды.

2019-2022 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2022 жылғы сәуірден маусымға дейін ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу