Арман Кенжеғалиев ҚР ЦДИАӨМ аппарат басшысы қызметінен босатылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы ЦДИАӨМ аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Арман Кенжеғалиев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін, Шеффилд университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған. ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды. 

2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАӨМ аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу