Әсет Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Әсет Мағауов 1972 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

И.М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Теңізмұнайгаз» АҚ экономика бөлімінің экономисі қызметінен бастады. 

ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, «Қазақойл», «Мұнай және газ көлігі», «Теңізшевройл», «ҚазМұнайГаз», «МаңғыстауМұнайГаз» компаниялары құрылымдарында қызмет етті.

Сондай-ақ әр жылдары энергетика және минералдық ресурстар (2008-2010 жж.), мұнай және газ (2010-2011 жж.), энергетика (2016-2017 жж.) вице-министрі, «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бас директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу