Бауыржан Байсеркин ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Бауыржан Сатжанұлы Байсеркин берілген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бауыржан Байсеркин 1966 жылы Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, «ҚДСЖМ» қазақстандық медицина университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Жезқазған облысы Ағадыр ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып бастады.

Әр жылдары денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 

2009-2011 жылдары – Қазақ Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының директоры.

2014-2015 жылдары — «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» МКҚК бас дәрігері.

2019-2021 жылдары – ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директоры.

2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу