Галидулла Азидуллин ҚР ЭТРМ вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин берген өтінішіне сәйкес экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасында бастаған. ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды. 2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып жұмыс істеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу