Ғалымжан Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ғ. Мелдешов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әр жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген: «Түркістан» халықаралық газетінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған.

2016–2018 жылдары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы тамыз айынан бастап 2019 жылғы мамырға дейін ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. 2019 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР МСМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу