Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы берген өтінішіне сәйкес ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.  Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. 1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті. 

2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 

2012-2017 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.  

2017 жылдың қазан айынан 2018 жыл аралығында ҚР Премьер-Министрінің кеңесішісі болды. 

2018 жылы қаңтар айында ҚР АШМ вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу