Камиль Ақатов ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін тәмамдаған.

2015-2016 жылдары «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2016-2022 жылдары — «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры. 

2022 жылы «Qazinnovations» иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу