Кемелбек Ойшыбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. 

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды. 

2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.

2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.

2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу