Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Людмила Витальевна Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.  

Еңбек жолын 2004 жылы Х. Ж. Мақажанов атындағы Қарағанды көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық фармаколог болып бастады. 

Әр жылдары Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармаларында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында, Республикалық балаларды оңалту орталығында, Ұлттық медициналық холдингте, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында жұмыс істеді.

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына 2020 жылғы сәуірде тағайындалды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу