Мұрат Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметінен босатылды

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен берген өтінішіне сәйкес Мұрат Өтемісұлы Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Strathclyde университетін (Шотландия), Гарвард бизнес мектебін, Қазақ-британ техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-та жетекші маман, бас маман болып бастаған.

2004-2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-та департамент директорының орынбасары, Солтүстік Каспий жобасының экономика жөніндегі бас менеджері.

2010-2019 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2019-2023 жылдары – ҚР энергетика вице-министрі, бірінші вице-министрі.

2023 жылы Ақтөбе қаласының әкімі қызметін атқарды.

2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу