Инфографика: ПИК міндетіне не кіреді және олардың жұмысының сапасын қалай тексеруге болады

РrimeМinister.kz редакциясы ПИК рөлі, тараптардың құқықтары мен міндеттері және көпқабатты үйлердегі пәтер иелеріне білуге қажетті басқа да маңызды жағдайлар туралы азаматтарға еске түсіру үшін инфографикалар топтамасын әзірледі.

ПИК — пәтерлер иелерінің кооперативі, үйдің немесе ортақ ауласы мен коммуникациялары бар бірнеше үйдің тұрғындары құрған ұйым.

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» МБ Есіл ауданы инспекциясы бөлімінің маманы Ернар Қияқбаевтың айтуынша, ПИК шығындары тұрғындардың (пәтер иелерінің) жиналысында бекітіледі, сондықтан да үйдің әрбір тұрғыны ай сайынғы төлем не үшін алынатынын және ПИК қандай жұмыстарды орындайтынын біліп жүруі үшін жиналысқа қатысуы тиіс.

Үйлердің түрлеріне, қабаттарының, кіреберістерінің санына, конструктивті ерекшеліктеріне, ауданына және аула маңындағы аумақтың абаттандырылу деңгейіне және құрыстың жекелеген ерекшеліктеріне, олардың техникалық жағдайына және пайдаланылу деңгейіне байланысты кондоминиумдардың ортақ мүлкін қамтамасыз ету шығындарының тізімінде айырма болуы мүмкін.

Жарналардың мөлшері пәтер иелерінің жалпы жиналысында әзірленген жобалық-сметалық құжаттама негізінде анықталады.

Бұл тариф тек жалпы жиналыс хаттамасының және көпшіліктің дауыс беруінің негізінде ғана қолданылады. Тұрғындардың қаражаты инженерлік желілерді, ортақ мүліктің бөліктерін қамтуға және оны жөндеуге жұмсалады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖҮҚ жұмсалатын электр энергиясының шығындарын тұтынушылар төлейді. Пәтер иелері төлемдерді өздері төлеуге міндетті немесе қызмет көрсететін ұйыммен не болмаса ПИК-пен келісімшарт жасау бойынша құқықтарын өткізуі керек.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу