Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Оқулықтардың сапасы мен әзірленуіне қатысты депутаттық сауал

Сәрсенбі, 09 Желтоқсан 2020, 11:15:06
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Б. Жұмағұлов, М. Бақтиярұлы, Н. Төреғалиев, Н. Жүсіп, Д. Нөкетаева, А. Қапбарова, А. Нухұлы, А. Әлназарованың 2020 жылғы 05 қарашадағы № 16-13-238 депутаттық сауалына жауап.

Премьер-Министр — Асқар Мамин

Сіздердің оқулықтардың сапасы мен әзірленуіне қатысты депутаттық сауалдарыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймын. 

Жаңартылған оқу бағдарламалары 2016 жылдан бастап білім беру процесіне кезең-кезеңімен енгізілуде (2016 жылы – 1, 2017 жылы – 2, 5 және 7, 2018 жылы – 3, 6 және 8, 2019 жылы – 9 және 10, 2020 жылы – 11 сыныптар). 

Үлгілік оқу бағдарламалары бекітілгенге дейін оларды тиісті білім салаларының белгілі ғалымдар, педагог-практиктер бірнеше рет талқылады, көпшіліктің талқылауы және жұртшылықтың қарауы үшін ашық порталға орналастырылды. 

Сондай-ақ білім берудің жаңартылған мазмұнына көшудің бағдарламалары мен кезеңдері 2016 жылғы 31 мамырда Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «12 жылдық білім беруді енгізу және мектепте оқыту стандарттарын жаңарту жөніндегі жүйелі шаралар туралы» тақырыбындағы отырысында қолдау тапты. 

Бұдан басқа, 2017 жылғы 22 қыркүйекте өткен Парламент Сенатындағы парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша білім беру мазмұнын жаңартуға қатысты жұмысты жалғастыру бойынша ұсынымдар берілді. 

Білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілгенге дейін 2015 жылы 30 пилоттық мектепте оқу бағдарламалары, оның ішінде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын1 сақтай отырып әзірленген жаңа оқу пәндері бойынша апробация жүргізілді. Барлық тестілеулердің нәтижелері бойынша пилоттық мектептер орташа балдың айтарлықтай прогресіне ие (+38,1 балл), бұл бақылау мектептерінің көрсеткіштерінен екі есе артық (+21,3 балл). 

Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде пәнаралық, деңгейаралық байланыстар ескерілді, олар барлық оқу пәндерінің интеграциясына, оқушылардың тұтас қабылдауы мен тәрбиесіне ықпал ететін ортақ тақырыптар арқылы іске асырылады. Оқу бағдарламаларының сабақтастығы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескереді, мұнда оқу бағдарламасының мазмұны спираль принципі бойынша қарапайымнан күрделіге қарай тігінен де, көлденеңінен де күрделене түседі. 

Келіп түскен ұсыныстар мен ұсынымдарды ескере отырып, оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. 

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына оқу бағдарламаларының міндетті түрде тәуелсіз сараптамадан өтуі бөлігінде өзгеріс енгізіледі. Сараптамадан өткен оқу бағдарламалары білім беру ұйымдарында сынақтан өткізіледі. 

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында оқулықтарды әзірлеу сапасын арттыру, оқулықтарға сараптама және сынақ өткізуге қойылатын талаптар жөнінде бірқатар шаралар қабылданды. 

Оқулықтарды дайындау және сараптама өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларына2 (бұдан әрі – Қағида) оқулықтардың әзірлену сапасына баспалардың жауапкершілігін арттыру, авторлардың міндетті түрде оқудан өту қажеттілігі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Баспаішілік сараптамаға, материалдың салмағына, сапасына, иллюстрациялар мен оқулықтар форматына қойылатын санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға қойылатын талаптар арттырылды. 

Сонымен қатар, Қағиданың 76-тармағына сәйкес жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша уәкілетті орган білім беру ұйымдары талап етпеген оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді (бұдан әрі – ОӘК) және оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға ұсынылған оқулықтар тізбесінен пысықтау, қайта басып шығару немесе алып тастау жөнінде шешім қабылдайды. Оқулықтарға этномәдени, психолингвистикалық және терминологиялық сараптама жүргізіледі, техникалық және грамматикалық қателерге автоматтандырылған сараптама енгізу, оқулықта елеулі кемшіліктер анықталған жағдайда оны сараптамадан алып тастау жоспарлануда. 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларының3 24-тармағына сәйкес бірінші оқу жылы ішінде полиграфиялық ақау табылған жағдайда оқулық пен ОӘК пайдалану кезінде баспа оларды өз қаражаты есебінен ауыстыруды жүзеге асырады. 

Оқулық авторларын оқыту шеңберінде ғылыми терминологияны қолданудың бірыңғай тәсілін қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. 

Бүгінгі күні Мәдениет және спорт министрлігі жанынан терминологиялық жұмыс тобы құрылды, ол латын әліпбиіне көшу кезінде терминологиялық қорды реттеп, терминологиялық ережелерді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізетін болады. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) оқулықтарды әзірлеу кезінде терминологияны пайдалану бойынша ұсыныстарды пысықтауда. 

Қағидада үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, оқулықтарға сараптама өткізу және оларды іріктеу рәсіміне, сарапшылардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қатаңдатылды. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің ғылыми және педагогикалық сараптамасын сарапшылардың автоматтандырылған деректер базасына енгізілген және конкурстық іріктеуден өткен ғалымдар мен педагогтар қатарынан қалыптастырылатын сараптама комиссиясы жүргізеді. 

Сараптаманы өткізу құпиялылық режиміне ауыстырылды, яғни сараптамаға жіберілетін оқулықтардың авторлары толығымен жасырын болады. Бұл шара сараптаманың объективтілігі мен сарапшылардың бейтараптығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ Қағидада оқулықтарды міндетті түрде сынақтан өткізу қарастырылған. 

Жұртшылықтың барлық ескертулері мен ұсыныстары оқулықтарды әзірлеу мен сараптама өткізуді нормативтік қамтамасыз етуді жетілдіру үшін құрылған қоғамдық-сараптамалық ашық алаңда талқыланатын болады. 

Бұдан басқа, «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде оқулықтардың сапасын арттыру мақсатында Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен әрбір жеке пән бойынша оқулықтарға қойылатын талаптарды жаңарту, оларды бағалау әдістемесі мен критерийлерін жетілдіру көзделген. Екі мың сарапшы мен 40 жаттықтырушыны оқыту жоспарлануда. 

Министрлік 12 жылдық білім беру тұжырымдамасын, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, 12 жылдық білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарын құрды. Жұмыс топтарының құрамына ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, практик-педагогтар, әдіскерлер, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының (бұдан әрі – Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлері, академиялық қоғамдастық өкілдері кірді. 

Қазіргі уақытта Министрлікпен қаржыландыруды ұлғайту және кадрлық әлеуетті күшейту, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ғылыми қызметкерлерін ынталандыру мәселесі қарастырылуда. Тиісті құжаттар дайындалып, Академияның ұйымдық-құқықтық мәртебесін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыннан шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға өзгерту жөнінде жұмыс жүргізілуде, бұл Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА қызметкерлерінің жалақы мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. 

Жалпы, сіздер көтерген мәселелер Үкіметтің ерекше бақылауында. 


Жаңалықтар тізбегі
21 Сәуір 2021, 19:29
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
21 Сәуір 2021, 18:02
ШОБ қолдау, жұмыспен қамту және жобаларды іске асыру — Қазақстанда МЖӘ қалай дамуда
21 Сәуір 2021, 15:56
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР-да салық реформасын іске асыру мәселелерін қарады
21 Сәуір 2021, 15:24
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның блокчейн-технологиялар ассоциациясының басшысы Исламбек Салжановты қабылдады
21 Сәуір 2021, 10:53
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
20 Сәуір 2021, 18:24
Президент ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
20 Сәуір 2021, 18:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
20 Сәуір 2021, 14:37
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.04.2021
20 Сәуір 2021, 14:32
Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады — ҚР ҰЭМ
20 Сәуір 2021, 12:42
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады
20 Сәуір 2021, 11:44
Қазақстан өңірлерінде шамамен 188 мың вакцина дозасы бар — А. Цой
20 Сәуір 2021, 11:26
Болжамды параметрлерді нақтылау азаматтардың өмірін жақсарту және экономиканы дамыту бойынша маңызды шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді — Ә. Смайылов
20 Сәуір 2021, 10:28
Үкімет ауылдағы тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін қарады
20 Сәуір 2021, 10:09
2021 жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,1%-ға дейін жақсарды
20 Сәуір 2021, 09:52
А. Мамин халықты COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамтуды кеңейтуді тапсырды
19 Сәуір 2021, 19:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
19 Сәуір 2021, 18:35
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті
19 Сәуір 2021, 15:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
19 Сәуір 2021, 14:53
Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады
19 Сәуір 2021, 13:58
20 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
19 Сәуір 2021, 13:18
Қ. Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады
19 Сәуір 2021, 13:03
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
18 Сәуір 2021, 10:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №108
16 Сәуір 2021, 18:20
А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
16 Сәуір 2021, 18:05
Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары қаралды
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.