Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы №602 Қаулысы

«Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті сақтаудағы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1598 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы №1598 және 2003 жылғы 4 маусымдағы №529 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 10 тамыздағы № 826 қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті сақтаудағы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы  24 желтоқсандағы №1598 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы №1598 және 2003 жылғы 4 маусымдағы № 529 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 10 тамыздағы № 826 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                  Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу