Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда оқу процесін постковидтік кезеңге бейімдеу бағдарламасы әзірленді — А. Аймағамбетов

Сәрсенбі, 11 Тамыз 2021, 13:20:24

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралды. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баяндама жасады.

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндамасында атап өткендей, жаңа оқу жылына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйектен басталады деп жоспарлануда.

Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады. Бір оқу жылы 34 аптаны қамтиды. Сонымен қатар тағы 4 аптаға жазғы мектепті ұйымдастыру көзделген. 

Жаңа мектептер желісінің өсуі байқалады, олардың арасында мемлекеттік мектептермен қатар жеке мектептер де бар. Мемлекеттік мектептер желісі 7 475, жекеменшік мектептер – 298 құрайды. 

Жалпы оқушылар саны 3,6 млн адамды құрайды.

Колледждер контингенті 470 мың, ЖОО-лар контингенті 650 мың студентті құрайды.

Министрдің айтуынша, барлық білім беру ұйымдарында білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық шаралар қабылданатын болады, атап айтсақ: күнделікті термометрия, желдету, кварцтау, дезинфекция; «Ashyq» жүйесін қолдану, 18 жастан асқан студенттерді, мұғалімдерді және басқа қызметкерлерді 100% вакциналау.

Мектепке бөгде адамдардың кіруіне, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. «Бір сынып – бір кабинет» жүйесі қолданылады.

«Колледждер мен жоғары оқу орындарында үзілістер әр түрлі уақытта болып, бетперде тағу режимі сақталады», — деді А. Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылында балабақшалар 20-25 бала топтарымен штаттық режимде жұмыс істейтін болады. 

Мектептерде 1-11 сыныптарды оқыту санитарлық шектеулерді сақтай отырып, штаттық режимде жүргізіледі. Колледждер мен жоғары оқу орындарының барлық курс студенттері штаттық режимде оқитын болады. 

Мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылады, үзілістерге уақыт белгіленеді және оқушы немесе оның ата-анасы ауырған жағдайда қашықтан оқыту форматына ауыстыру бойынша шаралар қабылданады.

«Білім күні» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады және алғашқы қоңырау дәстүрлі форматта тек 1-сынып оқушылары үшін өтеді. 1-сынып оқушыларына «Әліппе» («Букварь») табысталады.

2-11 сынып оқушыларына бекітілген кабинеттерде сынып сағаттары өткізіледі.

Жаңа оқу жылында мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сонымен қатар мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге рұқсат етіледі.

Бұған қоса министр барлық білім беру ұйымдарында цифрлық платформалар қолжетімді болатынын айтты. 

Бүгінде youtube, aitube арналарында және «Күнделік» жүйесінде 1-11 сыныптар үшін барлық пәндер бойынша 13 мың бейнесабақ орналастырылған. 

Бейне сабақтарда 100 000-нан астам жаттығулар мен тесттік тапсырмалар бар. 

Мазмұнды оқыту контенті бар 8 цифрлық платформа пайдаланылатын болады.

Министрдің айтуынша, порталдарда жетекші мұғалімдердің сабақтары, қарқынды оқытуға арналған виртуалды зертханалар және т. б. орналастырылған.

Оқу процесін постковидтік кезеңге бейімдеу үшін білім алушылардың оқуындағы олқылықтардың орнын толтыру бағдарламасы іске асырылады.

Сабақтың ұзақтығы – 45 минутқа қайтарылады. 

Білім беру жүйесінде вакциналау мәселелеріне ерекше назар аударылатыны сөзсіз.

Министрдің айтуынша, білім беру ұйымдарында педагогтердің 93,1%-ы және басқа қызметкерлердің 88,4%-ы КВИ-ге қарсы екпе алды. 

Министрдің айтуынша, білім беру мекемелерін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша болжамға сәйкес жаңа оқу жылында педагогтер қатарын 12 мыңнан астам жас маман толықтырады. Олардың басым бөлігі Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстарында күтіледі.

Жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының болжамды контингенті 380 мыңды құрайды, олардың 97%-ы 1-сыныпқа қабылданды.

Білім беру мекемелерінің оқу жылына дайындығы туралы баяндай отырып, министр бүгінде 268 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Олардың көпшілігінде оқу жылының басында жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұған қоса, оқу жылының басында 36 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмау қауіпі бар. 

1-ші қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстары аяқталмайтын мектептердің ең көп саны Алматы, Қостанай облыстарында. Министр әкімдерден бұған назар аударуды сұрады. Қалған өңірлер бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары барлық мектептерде жүргізіліп, оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.

Оқулық мәселесі бойынша министр биыл 1 сынып оқулықтарымен, оның ішінде олардың тегін электрондық нұсқаларымен 100% қамтамасыз етілетінін айтты. Өңірлерде аздаған проблемалар бар. Түркістан, Павлодар облыстарында 2-11 сынып оқушылары үшін қосымша сатып алу бойынша оқулықтардың жетіспеушілігі байқалады.

Әлеуметтік тұрғыдан осал отбасы балаларының контингенті 385 мың баланы құрайды. Оларға жалпы білім беру қорынан киім-кишек, канцеляриялық құралдарды сатып алуға көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар Атырау облысында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражат көлемі азайған.

Кейбір өңірлік мектептерде балаларды тасымалдау проблемасы бұрынғысынша өзекті күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда 31 мыңнан астам оқушы тасымалдауды қажет етеді. Мектептерде балаларды тасымалдайтын 1058 автобус бар. Автобус паркі 454 бірлікке жаңартылды.

«Мектептерді автобустармен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы бекітілді, лизинг арқылы 515 жаңа автобус сатып алу көзделген», — деді А. Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, колледждерде 2021-2022 оқу жылына 10 бағыт, 200-ден астам сұранысқа ие мамандық бойынша 96 мың орынға мемлекеттік тапсырыс беріледі.

NEET санатындағы жастардың жоғары үлесіне қарамастан, Түркістан, Жамбыл облыстарында техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыстың төмендеуіне жол берілген.

Сөзін қорытындылай келе, А. Аймағамбетов Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінен келесі мәселелерді бақылауға алуды сұрады:

  • барлық білім алушылар үшін оқулықтарды уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын күрделі және ағымдағы жөндеуді мерзімінде аяқтау;
  • білім беру ұйымдарын қажетті санитарлық және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды жаппай оқыту қорынан тасымалдауды, тамақтандыруды және қолдауды ұйымдастыру;
  • білім беру ұйымдарын интернетпен және цифрлық білім беру платформаларына қосумен қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын педагог кадрлармен қамтамасыз ету;
  • барлық білім беру ұйымдарында Ashyq қосымшасын енгізуді және педагогтар мен басқа да қызметкерлерді вакциналауды аяқтау;
  • білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камераларын жаңарту, қалалар мен аудан орталықтарының білім беру ұйымдарының бейнекамераларын ЖБО-ға қосу, дабыл түймелері мен турникеттерді орнату, жылы дәретханаларды орнату.

«Жаңа оқу жылына дайындық Министрліктің тұрақты бақылауында болады», — деп сөзін түйіндеді А. Аймағамбетов.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз баяндамасында білім беру жүйесінің ұйымдары мен мекемелеріне қойылатын қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға назар аударды.

Министрдің айтуынша, заңнамалық базаны жетілдіру шеңберінде Министрлік білім беру объектілерінде карантин кезеңінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қойылатын қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды өзектендіру бойынша жұмыс жүргізді. 2021 жылғы 5 тамызда «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» жаңа санитарлық қағидалары бекітілді.

Санитарлық ережелер мына талаптарды қамтиды:

  • оқыту форматтары (қашықтан, аралас және дәстүрлі),
  • тамақтандыруды ұйымдастыру (оқушыларды асханаға отырғызу олардың арасында кемінде 2 м әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі);
  • корпустардағы, аудиториялардағы, спорт және акт залдарындағы бөлмелерге кіргізу (жобалық қуаттың 40-50%-нан аспайды);
  • зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар (1 білім алушыға кемінде 5 м² қамтамасыз етумен жүргізіледі);
  • жатақхана бөлмелерінің толтырылуы (50% дейін).

«Мектеп педагогтары мен қызметкерлерін вакциналау жұмыстары аяқталуда. 18 және одан жоғары жастағы студенттерді вакциналау басталды», — деп атап өтті А. Цой.

Аумақтық денсаулық сақтау департаменттері өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың құрамында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Қолданыстағы заңнама мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектептерде дәстүрлі оқыту форматына көшу 3 ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтар мен қызметкерлерді 100% вакциналау кезінде мүмкін болады.

«Оң тәжірибені ескере отырып, мектептерге кірер кезде педагогтар, қызметкерлер мен ата-аналар қатарынан ауру жұқтырғандарды, вакцина алмағандарды және вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды бақылау мақсатында Ashyq қосымшасын пайдалану орынды деп санаймыз», — деп атап өтті А. Цой.

Министрдің айтуынша, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет, оның ішінде: барлық қызметкерлер мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгі сүзгісі; бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу; кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау; сыныптарды бөлу және үзіліс уақытын әртүрлі сыныптарға арнап бөлу; асханаларда тамақтануды ұйымдастыруда бақылауды күшейту.

«Карантин енгізілген жағдайда мектептерде қашықтан оқытуға көшу 1 инкубациялық кезеңдегі жағдайлардың санына, анықталған санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзушылықтарға, сондай-ақ жақын байланыста болған адамдардың санына байланысты сараланып жүзеге асырылады», — деп атап өтті А. Цой.

ЖОО мен колледждерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру кезінде, министрдің айтуынша, педагогтар мен қызметкерлерді, жатақханалар мен асханалар қызметкерлерін, 18 жастан бастап студенттерді 100% вакциналауды қамтамасыз ету қажет.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін оқу корпустарына, кітапханалар мен жатақханаларға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу міндеттелді.

Бұдан өзге барлық қызметкерлер мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгі сүзгісін қоса алғанда, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау; бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, дәріс залдарында рециркуляторларды орнату немесе желдету қажет.

«Жатақханаларда тұру жағдайларына бақылауды күшейту қажет», — деп атап өтті А. Цой.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, тексеруге қойылған қолданыстағы мораторий аясында студенттердің асханаларда тамақтануын ұйымдастыруға ішкі өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру қажет.

Сондай-ақ министр карантин режимінің сақталуына мониторингті қамтамасыз ету мақсатында білім беру объектілерінің педагогтері мен қызметкерлерін вакцинациялауға қойылатын талаптардың сақталуына, студенттердің жатақханаларда, оқу орындарының асханаларында тұруына мониторинг жүргізу бойынша мобильді топтардың өкілеттіктерін кеңейту қажет екенін айтты. Осыған байланысты, Министрлік 2020 жылғы 7 желтоқсандағы ВАК хаттамасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылғаны анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды тұлғалардың іс-қимыл алгоритміне түзетулер жобасын дайындады.

Осыған байланысты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері мыналарды ұйымдастырып, қамтамасыз етуі қажет:

1) білім беру объектілерінде, студенттердің жатақханаларда тұру, асханаларға бару орындарында карантиндік шаралардың сақталуына мониторинг жасау үшін мониторингтік топтардың жұмысын қамтамасыз етуге міндетті;

2) дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың, жинау құралдарының, санитайзерлердің, қорғаныш маскаларының, рециркуляторлардың, жылу түсіргіштердің қорын уақытылы сатып алу;

3) оқу корпустары мен жатақханалардың талаптарға сәйкес дайындығы;

4) мектептерге, оқу корпустарына, кітапханаларға және жатақханаларға кірер кезде Ashyq қосымшасын пайдалану.

Бұдан әрі Маңғыстау облысындағы оқу жылына дайындық барысы туралы өңір әкімі Серікбай Трұмов баяндады.

«Маңғыстау облысында жаңа оқу жылында 143 білім беру нысаны жұмысын бастайды. Жалпы оқушы контингенті өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға артып, 166 мың оқушыны құрайды. 1 сыныпқа 19 мың бала келеді», — деді С. Трұмов.

1 қыркүйекте 1500 орындық екі мектеп, 100 орындық 1 жекеменшік мектеп ашылады. Жыл соңына дейін 887 орындық 3 мектепке жапсаржай және 670 орындық жеке мектеп пайдалануға беріледі.

Барлық мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 37 мектептің жылу жүйелері жаңартылды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 22 мектепке кешенді жөндеу жүргізілді. 

Дәстүрлі режимде оқыту үшін 108 млн теңге қаражатқа мектептерге дезинфекциялық тоннельдер, кварцтар, санитайзерлер мен маскалар сатып алынды. Сабақ кестелері санитарлық нормаларды сақтай отырып құрылады. Сондай-ақ бір сыныптың оқушылары арнайы бекітілген бір кабинеттерде оқитын болады. Барлық ұйымдарға «Ashyq» бағдарламасы енгізілді.

Мектептердің бейнебақылау жүйелерін талапқа сәйкестендіруге 85 млн теңге қаржы бөлінді. Жұмыстар толық аяқталып, дабыл түймелері орнатылып, бейнебақылау жүйелері Полиция департаментінің орталығына қосылды.

Кезең-кезеңмен мамандандырылған күзетке ауыстыру үшін 564 млн теңге қаржы қарастырылуда.

Биыл мектептерге 644 жас маман келеді. 

Жалпы білім саласы педагогтарының 77,5%-ы екпелерін алды. Алдағы 1 апта мерзімде қалған ұстаздар қауымы толық екпелерін алатын болады.

2,3 млрд теңгеге оқулықтар сатып алынуда, олар тамыз айының 25-не дейін мектептерге жеткізіледі. 

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың 25 мыңға жуық оқушысына, 

6 мыңнан астам осал топтарға жататын отбасы балаларына 25 мың теңге көлемінде қаржылай көмек тағайындалды.

«Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады, білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады», — деді С. Трұмов.

Сонымен қатар өз кезегінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баяндама жасады. 

«2021-2022 оқу жылында 927 күндізгі орта білім беру ұйымында 516 740 оқушы оқиды деп күтілуде», — деді әкім.

Жаңа оқу жылында оқу процесі дәстүрлі форматта өткізіледі.

«Бүгінгі таңда білім беретін педагогтардың 95%-ы, техникалық персоналдың 99%-на вакцина егілді. Бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізіледі», — деді әкім.

2021-2022 оқу жылына 47 266 бала 1 сыныпқа қабылданды.

Сондай-ақ Ө. Шөкеев оқулықпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті.

Жаңа оқу жылына жалпы саны 2 млн 250 мың дана оқулық сатып алуға 4,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Оқулықтар 20 тамызға дейін қажетті мектептерге жеткізіледі.

Сонымен қатар тамыз айының басында оқулықтардың тасымалынан үнемделген қаржыға оқушылар санының өсіміне байланысты барлық сыныптарға жетіспейтін және ескі оқулықтарды жаңарту үшін 826,1 мың дана оқулықтар алынуда.

Қазіргі таңда 17 баспамен оқулықтарды сатып алу және тасымал бойынша келісімшарт жасалып, жұмыстар атқарылуда. 

Білім нысандарының құрылысына тоқталар болсақ, 2021 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен – 8 мектеп. 

Бұдан бөлек Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынуда.

«Бүгінгі таңда облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Қалғаны келесі жылы шешіледі деген жоспар бар», — деді әкім.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай өңірде 130 мектеп салу жоспарланған. Биыл бағдарлама аясында жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 44 мектеп бюджет, 3-уі – жеке инвестиция есебінен.

Бұдан бөлек, 108 мектепті жаңғырту жоспарланған. 

Оның ішінде:

  • 12 – күрделі жөндеу, 
  • 18 – ағымдағы жөндеу, 
  • 91 – асханаларды жаңғырту және кітапханаларды жаңғырту жұмыстары.

Күрделі жөндеу жұмыстарына тоқтала отырып, әкім облыста 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 2,8 млрд теңге қаржы қарастырылып, оның 5 мектебі тамыз айының соңында аяқталатынын айтты.

Бұған қоса, мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. 

«Сондай-ақ жылу маусымына мектептер толығымен дайын, көмір сатып алынған, тиісті қаржы бөлінген», — деді әкім.

Техникалық және кәсіптік білім беру мәселесіне тоқталсақ, өңірде 62 колледж бар, олардың 29-ы мемлекеттік колледждер, қалғандары жекеменшік колледждер. Оған мемлекеттік тапсырыс қамтамасыз етілген. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 29 колледжді сенімгерлік басқаруға беру мәселесін “Атамекен” ҰКП-мен қосылып пысықтап жатырмыз. Біраз себептерге байланысты жұмыс аздап баяу жүріп жатыр. Қазір 3 мемлекеттік колледж сенімгерлік басқаруға берілді. Сол колледждерде жағдай жақсарып келе жатыр», — деді әкім. 

Бүгінгі таңда дуальді оқыту форматы қолданылып, оқытудың 40%-ы теория, 60%-ы тәжірибе түрінде жүргізілуде. Бұған қоса, студенттер шәкіртақыдан басқа, нақты өндірісте тәжірибеден өтіп, жалақы алуда.

Сонымен қатар Түркістан индустриалды-құрылыс колледжін сенімгерлік басқаруға бергеннен кейін Басқарушы компания бірқатар проблемалық мәселелерді шешті:

- студенттердің сабаққа қатысуы 95%-ға дейін артты;

- заңсыз төлемдерді қысқартты және оқытушыларға өндірістік тәжірибеге қатысқаны үшін қосымша төлемдерді ұлғайтты;

- жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 90%-ға дейін өсті.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.