08 Маусым 2017, 09:24
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары 2016 жылы жалпы сомасы 17 трлн теңгеге тауар өндірді. Бұл мұнай өндіру көрсеткіштерінен біршама асып түсті. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов хабарлады.
2016 жылы еліміздің ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі 23,1%-ды құрады. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарда 3 млн адам жұмыс істейді.
«Салыстырып айтар болсақ, бір жылда өндірілген шикі мұнай көлемі 7,2 трлн теңгені құрады. Мұнай елі деп осыны айт!», - деді Руслан Дәленов.
ШОК өнімін шығару халықтың жан басына шаққанда әр адамға 1 млн теңгені құрайды. Кәсіпорындардың көбісі Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған.
Жалпы, еліміздің ІЖӨ 46 трлн теңгені құрайды. Халықтың жан басына шаққанда ІЖӨ – 2,6 млн теңге. ІЖӨ-нің 25%-дан астамы өнеркәсіпке тиесілі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу