Президент тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет 2025 жылы Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Құжатта енгізілген 7 бағыт пен 70 қадам жұмыс берушілердің қатысуына және жұмысшы маман даярлау мен қолдауға, техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын арттыруға, еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін дамытуға бағытталған. Жоспарды іске асыруға нақты сектор субъектілері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мен салалық қауымдастықтар тартылған.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу