ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапары

фото: Шүкір Шахай

Шымкент  қаласындағы халықаралық әуежайдағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысы, оны биыл қазан айында аяқтау жоспарланған.

Шымкентте сорғылау жабдықтары мен құбыр арматурасын өндіру зауытын салу жоспарланған. 

Бұл перспективалы жобаны 2020-2025 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.

Жоба құны 26,5 млрд теңге көлемінде бағаланып отыр, 1500 жұмыс орны құрылады.

Мегаполисте сонымен қатар «Шымкент қалашығы» (Цитадель) қайта жөндеу және музейлендіру бойынша ауқымды мәдени жоба іске асырылуда. 

Жобаның тарихи құндылығы бар және ол Шымкенттің тартымды туристік нысанына айнала алады.

Болашақта мұнда ежелгі дәуір музейі, галерея, амфитеатр салынады.

Биыл қорған қабырғаларын қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталады.

Цитадель қаланың басты көрнекті жерлерінің біріне айналады және туристерді тартатын болады.

Мамандар цитадельді қалпына келтіру бойынша жедел археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде. Археологтар мұнда көптеген ежелгі дәуір артефактілерін тапты.

Биыл Шымкенттегі цитадель алғашқы туристерді қабылдайды.

Тігін және жіп иіру-тоқыма фабрикасын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл Қазақстанның тоқыма кластерін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Аталған кәсіпорындарды іске қосу 800-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруды және Қазақстанда өңделетін мақта көлемінің екі есе өсімін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу