14 Ақпан 2020, 11:19
фото: Шүкір Шахай
Түркістан қаласында бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы жалғасуда.
Биыл Қ. А. Яссауи кесенесінің буферлі аймағында абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Рухани-мәдени орталықта бірқатар нысандар салынуда. Олардың қатарында Қ. А. Яссауи атындағы музей бар.
Келу орталығы Түркістан аумағында тарихи-мәдени және туристік орталықты, сондай-ақ туристік маршруттарды ұйымдастыру және құруға негіз болады.
Қазіргі таңда Түркістанда әрқайсысы 120 бөлмеден болатын «Rixos Turkestan» және «Hampton by Hilton» қонақ үйлерінің құрылысы жүргізілуде.
Қонақ үй-туристік нысандар биыл пайдалануға беріледі.
Аттракциондары бар қалалық саябақ қала тұрғындары мен қонақтарын тарту орнына айналады.
Бассейні бар спорт кешені Қазақстанның дене шынықтыру мен спорт саласын қолдау, сондай-ақ жергілікті жастардың әлеуетін дамыту үшін салынып жатыр.
Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының ғимаратын қайта құру жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.
Әкімшілік-іскерлік орталықта департаменттер мен басқармалардың ғимараты салынуда.
Департаменттер мен басқармалардың ғимаратында өңірдің мемлекеттік органдары орналасатын болады.
«Sembol construction» түрік компаниясы «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенін салып жатыр.
Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 80 млрд теңгені құрайды.
Түркістан қаласындағы жаңа Неке сарайы 2019 жылы қарашада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен ашылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу