Фоторепортаж: ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Ақмола облысына жұмыс сапары

фото: Шүкір Шахай

Көкшетау қаласында Премьер-Министр 200 төсек орнына арналған модульді жұқпалы аурулар ауруханасын, өңірге жеткізілген елімізде құрастырылған жылжымалы медициналық кешендерді, жедел жәрдем машиналарын қарап шықты.

Мекеме Германия мен Ресейден жеткізілген заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Әр палатада оттегі жеткізу станциялары орнатылған.

Степногорск қаласында Үкімет басшысы «Степногорск» ЕМК» мойынтірек зауытында болды.

Зауыт т/ж және сфералық мойынтіректерді өндірумен және шығарумен айналысады.

Өндіріс көлемі жылына 1,7 млн дана мойынтіректі құрайды.

Кәсіпорында 2 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

ҚР Премьер-Министрі пестицидтер өндіретін «Астана-Нан Chemicals» зауытында болды.

Мұнда өсімдіктерді қорғау құралдары, пестицидтер және басқа да агрохимиялық өнімдер өндіріледі. Өндіріс қуаттылығы жылына 50 мың тонна дайын өнімді құрайды.

«Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС-на барған кезде А. Маминге көкөністер мен көк шөптерді өсіру туралы баяндалды. Жалпы ауданы 4,8 га құрайды. Ауданы 0,36 га жылыжай кешенін кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Үкіметінің басшысы «Болашақ сарайы» сарайының құрылыс барысымен танысты.

«Болашақ сарайында» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сенсорлық бөлме, есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мобильді кабинет, аймақтар мен кабинеттерде арнайы жабдықталған орындар қарастырылған.

Жұмыстарды аяқтаудың жоспарлы мерзімі 2020 жылғы 5 қараша.

Бурабай ауданының Щучинск қаласында Премьер-Министр «IQanat High School of Burabay» мектебіне барды.

А. Мамин қаланың тұрғын үй инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы барысымен танысты.

Премьер-Министр 9 қабатты екі көппәтерлі тұрғын үйді аралап көрді.

2020 жылдың 9 айында өңірдің негізгі капиталына салынған инвестициялар 23%-ға өсті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу