ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Фото: Нариман Мурзабаев

«Amal Bio» ЖШС алма бақтары

Бұл жаңа әдістер мен құралдарды қолданумен жидектер мен жемістерді жоғары технологиялы өсіруге бағытталған заманауи ауыл шаруашылығы жобасы

Бүгінде кешен аумағы 150 га болатын жеміс бағы, калибрлеу, қайта өңдеу мен орамалау цехтерімен реттелетін газды ортасы бар жемістер мен көкөністерге арналған қойманы қамтиды.

«Amal Bio» компаниясының өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің нарықтарына жіберіледі  .

«Адал» АӨК АҚ  сүт-тауарлық фермасы өнімдерінің желісі

Кәсіпорынның өңделген ауыл шаруашылығы өнімі жақын шетелдерге экспортқа шығарылады

«Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС майлау материалдарын шығаратын зауыттың ашылуы

Зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына 100 мың тонна өнім, кәсіпорын 800-ден аса май түрлерін шығаратын болады

«EmpireFood» ЖШС ет комбинатының мал бордақылау алаңы

«Хамле» ЖШС кондитерлік өнімдер өндіретін зауыт

Кәсіпорын кондитерлік өнімдер (печенье, вафли, шоколад батончиктер, рулеттер, бисквиттер, кекстер, крекерлер, конфеттер, сағыздар т.б.) шығаратын Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі

Өнімдер ассортиментінде 80-нен аса өнім түрі бар

Кәсіпорын өнімдерін жақын шетелдерге экспорттайды (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Украина) 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу