04 Маусым 2024, 11:30
Бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы моноқалалардың өнеркәсіптік даму әлеуеті туралы айтты.
Мәселен, Екібастұз қаласында «Railways Systems KZ» компаниялар тобы теміржол машинасын жасау саласындағы ең заманауи жабдықтарды өндірудің жетінші желісінің құрылысын белсенді жүргізуде. Бұған дейін кәсіпорын Екібастұз қаласында теміржол саласы үшін 6 өнім түрін шығарған.
Саран қаласында бұрынғы резеңке-техникалық бұйымдар (РТБ) зауытының негізінде бірқатар өндірістер құрылды. Олардың арасында сынақ режимінде өнім шығара бастаған шина зауыты да бар. Бұл ретте Қазақстанда бұл өнім 2000 жылдан бері шықпаған. Бірінші вице-премьердің айтуынша, маусым айында алғашқы өндіріс басталады және биыл қалада 1 млн ең заманауи шиналар шығарылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу